Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
Медициналық кеңестің өткізілуі

2014 жылдың 4 қыркүйегінде учаскелік фельшерлермен бірге медициналық кеңес өткізілді. Медициналық кеңесте келесі мәселелер қаралды: 1.Скринингтік қаралу бойынша ауылдық тұрғындар, тұрғындардың декреттілген топтарының профилактикалық қаралудың жағдайы. 2. «Қостанай облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнеспен күресу аумақтық бағдарламасының » іске асырылуы. 3. ФЛ-тексеру, р.Манту жоспарының орындалуы, гиперергиялық реакциясы бар және виражды, контактты балалардың қаралуы бойынша шаралардың жағдайы туралы. 4. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын үзіліссіз жақсарту бойынша өткізілетін ішкі аудит мониторингінің нәтижелері. 5. № 452« Қарасу ауданы бойынша фертильді жастағы әйелдердің қаралуы» бұйрығының орындалуы. 6. 2011-2015 жылдарға арналған Қарасу ауданы бойынша денсаулық сақтаудың дамуы және реформалануы «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасының жүзеге асырылуы. Сонымен қатар медбике Т.В.Новикова бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізді.