Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 20 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-285/2020

бұйрыққа қосымша

 

 

Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша

медициналық көмекті ұйымдастыру қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 92-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

2) психикалық денсаулық – әрбір адам өзінің жеке әлеуетін іске асыра алатын, әдеттегі өмірлік күйзелістерді жеңе алатын, нәтижелі және жемісті жұмыс істей алатын, сондай-ақ өз қоғамдастығының өміріне үлес қоса алатын саламаттылықтың жай-күйі;

3) психологиялық көмек – мыналарға: психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуды оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және өмір сүру сапасын арттыруға, оның ішінде адамның өз мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін, адамға психологиялық проблемалардың алдын алуға, оларды шешуге, өмірлік қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруге жәрдемдесуге; адамдарға психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат беруге; тұлғаны дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;

4) психологиялық проблема – адамның өзіне, өзінің қызметіне көңілі толмауынан, тұлғааралық қатынастардан, отбасындағы жағдайдан және (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемалардан туындаған ішкі жайсыздық жай-күйі.

  1. Емдеу-профилактикалық көмекті, сондай-ақ психикалық-әлеуметтік және заң қызметтерін қамтитын жасөспірімдер мен он сегіз жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға (бұдан әрі - жастар) репродуктивтік және психикалық денсаулық сақтау бойынша медициналық көмекті ұсынатын денсаулық сақтау субьектілері болып жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі - ЖДО) табылады.
  2. ЖДО халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, жасөспірімдер мен жастарға репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмек көрсетеді.
  3. Жасөспірімдер мен жастарға репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады және Кодекстің 115-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және тәртіппен, оның ішінде Ақпараттық жүйелер арқылы есептер ұсынады.
  4. ЖДО облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы денсаулық сақтау ұйымы немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  5. ЖДО жасөспірімдер мен жастарға дәрігерге дейінгі және мамандандырылған медициналық көмек түрінде емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.

 

 

2-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі

 

  1. ЖДО жасөспірімдер мен жастарға медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының жолдамасы бойынша, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау қызметтері мен құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бастапқы буыны мамандарының жолдамасы болмаса да жеке тұлғаның (пациенттің) өз бастамасы (өз бетінше жүгіну) бойынша қызмет көрсетіледі.
  2. ЖДО пациенттердің мынадай жас ерекшеліктерін ескере отырып қызмет ұсынады:

1) он жастан асқан және толық он алты жастағы кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен және қатысуымен медициналық көмек көрсетіледі және қызметтер ұсынылады;

2) ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің келісімімен жүргізілетін, хирургиялық араласуларды, жүктілікті жасанды түрде үзуді қоспағанда он алты жастан асқан және толық он сегіз жасқа толмағандарға профилактикалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі;

3) он сегіз жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға олардың келісімі бойынша медициналық көмек көрсетіледі және қызметтер ұсынылады.

  1. ЖДО жеке ғимаратта орналастырылады немесе пациенттердің (келушілердің) басқа ағындарымен қиылыспайтын, сондай-ақ мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімді жеке кіру есігі болады.
  2. ЖДО-да жасөспірімдер мен жастарға медициналық қызметкерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер кешенді көмек көрсетеді.
  3. ЖДО-да жасөспірімдер мен жастарға мынадай мамандар медициналық қызмет көрсетеді:

1) мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері:

«Акушерлік-гинекология (балалар гинекологиясы, функционалдық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)»;

«Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)»;

«Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар)»;

«Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)»;

«Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)»;

 «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)»;

«Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, суицидология, сот-наркологиялық сараптама, сот-психиатриялық сараптама)»;

«Қоғамдық денсаулық сақтау»;

«Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)»;

«Мейіргер ісі».

2) «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлер;

3) мынадай мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар қызметкерлер ұсынады:

«Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)»;

«Акушерлік іс (акушер, жалпы практика акушері)»;

«Мейіргер ісі (медициналық мейіргер, медициналық жалпы практика мейіргері, мамандандырылған медициналық мейіргер)»;

«Мейіргер ісі (күтім бойынша/кіші медициналық мейіргер)»;

«Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі)».

  1. ЖДО психологтары психикалық денсаулықты сақтау мақсатында медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, түзету қолдауы, консультациялық көмек), жасөспірімдер мен жастардың психологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша консультация жүргізеді.
  2. ЖДО әлеуметтік қызметкерлері жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша ақпарат беруді және консультация беруді жүзеге асырады.
  3. Жасөспірімдер мен жастарға құқықтық көмек алу мәселелері бойынша ақпарат пен консультация беруді ЖДО заңгерлері ұсынады.
  4. ЖДО-да жасөспірімдер мен жастарға репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі:

1) репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша консультациялық, емдеу-диагностикалық, медициналық-психологиялық көмек көрсету;

2) саламатты өмір салтын ұстану, оның ішінде пайдалы ұжымды тамақтану, физикалық белсендікті, спортпен айналысу, тамақтануды ілгерілету және насихаттау; аурулардың профилактикасы, мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларының (нашақорлықты, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды, алкогольді және басқа да психоактивті заттарды тұтынудың профилактикасы), ақпараттық-түсіндіру жұмысы, жасөспірімдер мен жастарға денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың профилактикасы, оның ішінде репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша гигиеналық оқыту мәселелері.

3) жасөспірімдер мен жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, репродуктивтік денсаулықты сақтау, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің профилактикасы, отбасын жоспарлау, контрацептивтік құралдарды пайдалану, қаламаған жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

4) жасөспірімдер, жастар, олардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері, ерлі-зайыптылар, еріктілер, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері үшін оқыту және консультация беру, дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу, сондай-ақ репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, оның ішінде:

мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы және саламатты өмір салтын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

жасөспірім кезіндегі психофизикалық, психоәлеуметтік даму;

әлеуметтік мінез-құлық, жауапты серіктестікті қалыптастыру және отбасылық өмірге дайындық;

психологиялық проблемалар және ерлі-зайыптылардағы, отбасындағы тұлғааралық қатынастарға байланысты мәселелерді шешу;

жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, диагностикалау және емдеу мәселелері;

ерте жыныстық (жыныстық) өмірдің профилактикасы, жасөспірім кезіндегі ағзаның физиологиялық жетілмеу ерекшеліктері;

жасөспірімдік жүктіліктің профилактикасы, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің ықтимал асқынулары мен салдары, жүктілікті жасанды үзудің және босанулардың профилактикасы;

 отбасын жоспарлау, контрацепцияның заманауи әдістері, жүктілікті жасанды үзудің ықтимал асқынуларын және салдарын көрсете отырып қаламаған жүктіліктің профилактикасы, түсік түсірудің ықтимал асқынулары мен салдары;

5) жыныстық жолмен берілетін аурулардың профилактикасы, репродуктивтік және жыныстық денсаулық саласында саналы, жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мәселелері бойынша ақпарат беру және консультациялық қызметтер көрсету;

6) ерте жыныстық (жыныстық) өмірдің профилактикасы; жасөспірімдер жүктілігінің профилактикасы мақсатында репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдерді қолжетімді нысанда хабардар ету және оларға консультация беру;

7) қаламаған жүктілікті профилактикалау, жүктілікті жасанды үзудің ықтимал асқынулары мен салдары, отбасын жоспарлау, контрацепцияның заманауи әдістері туралы ақпарат және консультация беру;

8) репродуктивтік денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, қаламаған жүктіліктің алдын алу, контрацепция, сондай-ақ репродуктивтік жүйесі ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөнінде қызметтер көрсету;

9) жасөспірімдер мен жастардағы жүктілікті анықтау, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдармен және басқа да медициналық ұйымдармен сабақтастықты сақтай отырып, пациенттерді уақтылы жіберу (оның ішінде жүктілік кезінде есепке қою және одан әрі диспансерлік бақылау үшін), жасөспірімдерде жүктілік анықталған кезде ата-аналарды немесе басқа да заңды өкілдерді хабардар ету;

10) жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулық ағзаларының жіті және созылмалы ауруларын диагностикалау, емдеу және бақылау, сондай-ақ пациенттерді стационарды алмастыратын, стационарлық көмек алу үшін уақтылы жіберу;

11) жасөспірімдер мен жастар үшін психологиялық жайлы жағдай жасау, жеке және топтық психологиялық көмек көрсету;

12) психологиялық ағарту, психологиялық проблемалардың профилактикасы, өзін-өзі сақтау мінез-құлқына, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа, коммуникацияға, өзара қолдауға үйрету мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу; мінез-құлық дағдыларын (теңдік, сыйластық, өзара түсіністік, жағдайды бағалай білу және өз шекарасын қорғай білу, жанжалсыз және т. б.);

13) психологиялық көмек көрсету, психикалық денсаулықты сақтау үшін консультация беру, мінез-құлықтың қауіпті түрлерінің (оның ішінде өзін-өзі зақымдау, суицидтік мінез-құлық), темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық тартудан туындаған тәуелділіктердің профилактикасы;

14) жасөспірімдер мен жастарға құпия медициналық-психологиялық көмек көрсету, психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау үшін қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

15) психикалық денсаулық саласында қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін медициналық-психологиялық көмек көрсету;

16) жастарды отбасылық өмірге дайындау, жауапты әріптестікті, ана болуды, әке болуды қалыптастыру мәселелері бойынша консультация беру;

17) жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік және құқықтық көмек алу мәселелері бойынша медициналық-психологиялық көмек, консультациялық қолдау көрсету; пациенттердің өздерін, жасөспірімдердің ата-аналарын немесе басқа да заңды өкілдерін өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыра отырып белсенді тарту;

18) жыныстық зорлық-зомбылықтан кейін жүгінген жасөспірімдер мен жастарға психологиялық көмек көрсету;

19) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу мақсатында психологиялық диагностика, түзету қолдау, консультациялық көмекті және ақпараттық жұмыс жүргізу;

20) қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету кезінде психологиялық сүйемелдеу;

21) психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың болуына күдік болған кезде жасөспірімдер мен жастарды психикалық денсаулық сақтау саласында мамандандырылған медициналық ұйымдарға жіберу.

  1. Жасөспірімдерге репродуктивтік және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпарат беру және консультация беру олар үшін қолжетімді нысанда жүзеге асырылады.
  2. Техникалық мүмкіндіктер болған кезде жасөспірімге, жастар өкіліне, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне ақпарат беру және консультация беру мыналарды пайдалана отырып жүргізіледі:

1) стационарлық телефон байланыс құралдары;

2) цифрлық және мобильдік технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

  1. ЖДО қызметін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдармен, басқа медициналық ұйымдармен және бейінді қызметтермен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастықта және сабақтастықты сақтай отырып жүзеге асырады.
  2. Денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың келісімін талап ететін жағдайларда жасөспірімдердің ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері жазбаша хабардар етіледі.
  3. ЖДО еріктілермен, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелері, оның ішінде репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде ынтымақтасады.
  4. ЖДО-да топтық жұмыс кезінде қолдау топтарын құру, тренингтер өткізу, бастамашыл топтармен, өзін-өзі және өзара көмек топтарымен жұмыс істеу әдістері қолданылады.
  5. Қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа ұшыраған (тұрмыстық, сексуалдық және басқа) жасөспірiмдер және жастар жүгінген жағдайларда ЖДО мамандары:

1) клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті медициналық көмек көрсетеді;

2) психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен, заңгерлермен бірлесіп кешенді көмек көрсетеді;

3) жасөспірімдердің ата-аналарына немесе басқада заңды өкілдеріне хабарлайды;

4) құқық қорғау органдарына жәбірленушілердің жүгіну және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы хабарлайды;

5) тиісті мәліметтерді құзыреті бойынша білім беруді басқару, әлеуметтік қорғау органдарына береді.

  1. Медицина қызметкерлерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жүгінген кезде құзыреті бойынша басқа ведомстволардың органдары мен ұйымдарының (білім беру, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар) өкілдері тартылады.
  2. ЖДО басшылары сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды, мамандардың басқа органдармен және ұйымдармен жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
  3. ЖДО жасөспірімдер мен жастарға арналған мамандардың телефон («жедел желі», «сенім телефоны») интернет, бейнеконференцбайланыс (қазіргі заманғы цифрлық және мобильдік технологияларды қолдана отырып) арқылы саламатты өмір салты, репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, психологиялық саламаттылық мәселелері бойынша консультацияларын ұйымдастырады.
  4. ЖДО электрондық ақпараттық ресурстарды, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық жүйелерін пайдаланады, сондай-ақ жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтай отырып, электрондық денсаулық сақтау қызметтерін ұсынады.
  5. Тиісті үй-жайлар болмаған кезде ЖДО функциялары амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның құрамындағы жастар денсаулығы кабинетінде жүзеге асырылады.

 

 

  1. Саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер ЖДО-ға мынадай мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және гигиеналық оқыту арқылы ұсынылады:

         1) дұрыс және ұтымды тамақтану;

         2) физикалық белсенділік және спортпен айналысу;

         3) мінез-құлықтық қауіп факторларының (темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды, алкоголь және басқа да психобелсенді заттарды тұтыну) профилактикасы, өмір салтына байланысты ауруларды алдын алу;

         4) жыныстық жетілудің физиологиясы мен гигиенасы;

         5) ерте жыныстық өмірдің профилактикасы;

         6) жыныстық жолмен берілетін (бұдан әрі-ЖЖБИ) инфекциялардың профилактикасы, диагностикасы.

  1. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ЖДО мамандары электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және басып шығару жолымен жүргізеді.
  2. Кәмелет жасқа толмағандардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және гигиеналық оқытуды жүргізу олар үшін қолжетімді нысанда жүзеге асырылады.

 

 

1-параграф. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру

 

  1. ЖДО-да жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивтік денсаулықты сақтау, оның ішінде оның салдары туралы хабардар ету жолымен ерте жыныстық (сексуалдық) өмірдің профилактикасы, жасөспірімдер жүктілігінің профилактикасы, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
  2. ЖДО-да қажетсіз жүктілік пен жүктілікті жасанды үзу әдістері, контрацептивтік құралдарды тағайындау туралы ақпараттандыру және консультация беру жүргізіледі.
  3. Репродуктивтік және сексуалдық денсаулыққа қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру және консультация беру жүргізіледі.
  4. ЖДО-да репродуктивтік денсаулық ауруларының профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
  5. Жасөспірімдер мен жастарда жүктілік анықталған кезде ЖДО мыналарды жүзеге асырады:

1) жасөспірімдердің жүктілігі анықталғаннан кейін 2 сағат ішінде ата-аналарды немесе басқа да заңды өкілдерді хабардар ету;

2) жүкті әйелге, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне психологиялық қолдау көрсету және консультация беру;

3) құқық қорғау органдарын кәмелетке толмағанның жүктілік фактісі туралы анықталғаннан кейін 2 сағат ішінде хабардар ету;

4) сабақтастықты сақтай отырып, жүктілікті анықтағаннан кейін  пациенттерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға және басқа да медициналық ұйымдарға уақтылы жіберу (оның ішінде жүктілік кезінде есепке қою және одан әрі динамикалық байқау үшін);

5) жүкті әйелге, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек, заң консультациясын беру.

  1. Кәмелетке толмаған және оның ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері жүктілікті сақтауға тілек білдірсе, ЖДО маманы есепке қою және одан әрі бақылау үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына жіберуді жүзеге асырады.
  2. Кәмелетке толмаған және оның ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері жүктілікті үзгісі келген кезде ЖДО мамандары:

1) ЖДО басшыларымен бірлесіп әңгімелеседі, жүкті әйелді, оның ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін (кәмелетке толмаған жағдайда) жүктілікті жасанды үзуді жүргізу үшін медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, оны жүргізу тәртібі, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзудің ықтимал асқынулары мен салдарлары туралы хабардар етеді;

2) жүкті әйелге, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне психологиялық консультация өткізеді;

3) жүктілікті жасанды үзу үшін медициналық ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелеріне (стационарлардың гинекологиялық бөлімшелері) жібереді.

  1. Жүктілікті жасанды үзгеннен кейін психологиялық консультация өткізіледі, аборттан кейінгі кезеңде қадағалап-қарау, қаламаған жүктіліктің одан әрі профилактикасы және контрацепциясы, физиологиялық жай-күйіне сәйкес контрацепция құралымен (болған жағдайда) қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар беріледі.
  2. ЖДО мамандары жасөспірімдер мен жастардың арасында ЖЖБИ профилактикасы, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің салдары, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, жеке қорғаныш құралдары мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
  3. ЖДО мамандары ЖЖБИ (гениталдық кандидоз, трихомониаз, уреаплазмоз, микоплазмоз, хламидиоз, гениталдық герпес, папилломовирустық инфекция (аногенитальдық сүйелдер), гонорея, мерез (экспресс-тест), АИТВ инфекциясы (экспресс-тест), сондай-ақ В және С вирустық гепатиті) диагностикасын жүргізеді;
  4. ЖЖБИ-ге зерттеп-қарау жүргізер алдында жасөспірімдер мен жастарға тестке дейінгі консультация өткізіледі.
  5. ЖЖБИ-ге зерттеп-қарау жүргізілгеннен кейін осы Қағидаларға 9-тармағында көрсетілген жас ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеп-қараудың теріс нәтижелері алынған кезде ЖЖБИ профилактикасы мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастарға тестіден кейінгі консультация жүзеге асырылады.
  6. ЖДО-да мерезді, гонококк инфекциясын, шанкроидті, шап гранулемасын, АИТВ инфекциясын қоспағанда, ЖЖБИ-ді емдеу жүргізіледі;
  7. Мерез, гонококк инфекциясы, шанкроид, шап гранулемасына күдігі бар жасөспірімдер мен жастарды дерматовенерологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберу жүзеге асырылады.
  8. ЖДО мамандары АИТВ инфекциясының болуына күдігі бар жасөспірімдер мен жастарды кейіннен диагностикалау, емдеу және бақылау үшін АИТВ-инфекциясының профилактика саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.
  9. ЖЖБИ емдеу аяқталғаннан кейін психологиялық консультация беру, контрацепция бойынша ұсынымдар беру, пациентті оның физиологиялық жай-күйі үшін қолайлы контрацепция құралымен (болған кезде) қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

 

 

2-параграф. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру

 

  1. Психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша ақпараттандыру және консультация беру жеке тәртіппен, жұптарға (отбасылық жұптарға) немесе топта мынадай тақырыптар бойынша жүзеге асырылады:

1) жасөспірім кезіндегі психофизикалық, психоәлеуметтік даму;

2) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық тартылудан туындаған мінез-құлықтың тәуекелді нысандарының (өзіне-өзі зиян келтіруді, суицидтік мінез-құлықты болғызбау) профилактикасы;

3) өзін-өзі сақтау мінез-құлқы;

4) тұрмыста және қоғамдық орындарда мінез-құлық, тұлғааралық коммуникация, өзара қолдау дағдыларын дамыту;

5) психологиялық проблемалар және жұптағы, отбасындағы, тұлғааралық қарым-қатынастармен байланысты мәселелерді шешу;

6) жасөспірім кезіндегі организмнің психологиялық және физиологиялық жетілмегендігінің ерекшеліктері, ерте жыныстық өмірдің профилактикасы, ерте жүктіліктің, түсік тастаудың және босанудың ықтимал асқынулары мен салдарлары;

7) әлеуметтік мінез-құлық, отбасылық өмірге және жауапты ерлі-зайыптылықты қалыптастыруға дайындық мәселелері.

  1. Психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша хабардар етуді ДСМ, бейінді денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ арнайы оқытудан өткен еріктілер ЖДО үшін әзірленген ақпараттық материалдардың негізінде жүзеге асырады.
  2. Психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша ақпараттандыру:

1) он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің келісімімен;

2) он алты жастан асқан және толық он сегіз жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға, жастарға, олардың ата-аналарына және басқа да заңды өкілдеріне, ерлі-зайыптыларға, еріктілерге өздерінің қалауы бойынша.

  1. ЖДО мынадай бағыттар бойынша құпия психологиялық көмек көрсетеді:

1) психологиялық ағарту;

2) психологиялық проблемалардың профилактикасы;

3) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық құмар болудан туындаған мінез-құлықтың (өзіне-өзі зиян келтіру, өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқы) тәуекелді нысандарының профилактикасы;

4) репродуктивтік және психикалық денсаулық саласында қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

5) жасөспірімдер мен жастарды отбасылық өмірге дайындау, жауапты әріптестікті, ана мен әке болуды қалыптастыру;

6) қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету;

7) жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету;

8) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу мақсатында психологиялық диагностика, түзеу арқылы қолдау, консультациялық көмек көрсету;

9) психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың болуына күдік туындаған кезде жасөспірімдер мен жастарды психикалық денсаулық сақтау саласында мамандандырылған медициналық ұйымдарға жіберуді қамтиды.

  1. Психикалық денсаулықты сақтау мақсатында ЖДО-да психологиялық көмек көрсету кезінде медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, түзеу арқылы қолдау, консультациялық көмек) ұсынылады; жасөспірімдер мен жастардың психологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша консультация беру жүзеге асырылады.

 

Результаты согласования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Директор Департамента Еркинбек Рахимбаевич Амиргалиев, 15.12.2020 09:25:01, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 20.12.2020 11:33:01, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, 20.12.2020 14:36:12, положительный результат проверки ЭЦП