Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профил

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

 

 

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 86-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен мерзімділігі бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң  департаментіне осы тармақтың 1)  және  2)  тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

 

А. Цой

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 20.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21820 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Директор Департамента Еркинбек Рахимбаевич Амиргалиев, 09.11.2020 10:30:56, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство образования и науки РК - Министр Асхат Канатович Аймагамбетов, 28.11.2020 13:47:33, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 11.12.2020 19:11:21, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, 15.12.2020 10:19:03, положительный результат проверки ЭЦП