Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде үздіксіз білім беру қағида

 

2020 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 533 мен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 21 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-296/2020

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылыми министрініңжәнеҚазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығыменбекітілген

 

 

 

Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде үздіксіз білім беру қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде үздіксіз білім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 78-бабының 5-тармағына сәйкес мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде үздіксіз білім беру (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) тәртібін айқындайды.
  2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп,«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы5- бабының 6) тармақшасына сәйкес тиісті сыныптағы пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік оқу жоспарларының негізінде медициналық ұйымдарда емдеу курсынан өтіп жатқан балалардың оқу процесін ұйымдастырады.
  3. Медициналық ұйымдарда емдеу курсынан өтіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу сабақтары «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14995 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындыларына сәйкес ұйымдастырылады (бұдан әрі - Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы).

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогтар, педагог-психолог көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.

 

 

2-тарау. Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде үздіксіз білім беруді ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Медициналық ұйымдарда балаларды оқыту кезінде оқу процесін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие жұмысына басшылықты білім беру ұйымдары директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары жүзеге асырады.
  2. Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен астам уақыт емделуден немесе оңалтудан өтуі тиіс 1-11 (12) сыныптардың білім алушылармен өткізіледі.
  3. Оқушыларды тиісті сыныпқа оқуға қабылдау олар тұрақты оқитын мектептен алынған анықтаманегізінде жүзеге асырылады.
  4. Оқу сабақтары білім алушының медициналық ұйымға түскен сәтінен басталады және оның денсаулық жағдайына байланысты жалғасады.
  5. Күнделікті оқу сабақтарының кестесі балалардың денсаулық жағдайына байланысты жеке тәсілді ескере отырып жасалады және стационарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазба енгізе отырып, медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісі емдеуші дәрігермен бірлесіп айқындайды.
  6. Оқу сабақтарының ұзақтығы 40 минут болып белгіленеді. Оқу сабақтарының қысқа мерзімді жоспарларын жасау кезінде педагог балалар ауруларының ауырлық дәрежесін ескереді және сараланған тапсырмаларды көздейді. Оқу сабақтарының ұзақтығы емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша қысқартылуы мүмкін.

10.Сабақтар білім алушылармен топтық немесе жеке оқыту нысанында өткізіледі. Топтық сабақтар бір сыныптың 3-тен 15-ке дейінгі оқушылары болған кезде ұйымдастырылады. Сыныптардың жинақталуы бір сыныпта 3 және одан да көп баланың санынан басталады. Бір сыныптабілім алушылардың саны 3-тен аз болса, сыныптар біріктірілуі мүмкін: бірінші сынып бітіруші сыныптардың білім алушыларын бірлесіп оқытуға берілмейді.

  1. Педагог балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді ескере отырып және медициналық ұйымның емдеуші дәрігерінің келісімі бойынша кесте бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Бір білім алушыға күнделікті оқу жүктемесі сыныпқа байланысты 3-4, 6 оқу сағатынан аспайды және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы5- бабының 6) тармақшасынасәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік оқу жоспарлары негізінде айқындалады (бұдан әрі - Үлгілік оқу жоспарлары).

12.Жұмыс оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларының ең жоғары оқу жүктемесі көлемінің 80%-ын сақтау, сондай-ақ медициналық ұйымның ерекшелігін ескере отырып, сағаттарды 20%-ға дейін қайта бөлу көзделеді.

13.Медициналық ұйымдарда емделіп жатқан білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру үшін жұмыс Үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады.

  1. Туберкулезге қарсы диспансерлер мектептерінде білім алушылар оқу жылының басынан бастап және диспансерге түсуіне қарай қабылданады. Сынып пен топтың толымдылығы 12 білім алушыдан аспайды (арнайы сыныптар үшін толымдылығы бойынша).
  2. Медициналық ұйымның психологиялық-неврологиялық білім алушыларды оқыту психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде ұсынылған оқыту бағдармалары бойынша жүзеге асырылады.
  3. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы және аралық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларының(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) негізінде жүргізіледі.
  4. Білім алушылармен оқу сабақтарын есепке алу үшін «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5- бабының  23-4) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогтар жүргізуге міндетті құжаттар тізбесіне сәйкес нысан мен талаптар бойынша сынып журналы жүргізіледі.
  5. Медициналық ұйымдарда білім алушы контингенттер олар тұрақты білім алатын мектептердің ұлттық білім беру дерекқорында есепке алынады.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 22.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21864 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Директор Департамента Еркинбек Рахимбаевич Амиргалиев, 15.12.2020 19:11:02, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство образования и науки РК - Заместитель директора Тимур Владимирович Давлет, 19.12.2020 14:31:18, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Акмолинской области - Аким Акмолинской области Ермек Боранбаевич Маржикпаев, 20.12.2020 11:58:27, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Актюбинской области - Аким Актюбинской области Ондасын Сеилович Уразалин, 20.12.2020 11:14:02, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Алматинской области - Заместитель акима Батыржан Кулаймергенович Байжуманов, 20.12.2020 12:04:43, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Атырауской области - Заместитель акима Атырауской области Алибек Ибатуллиевич Наутиев, 20.12.2020 13:08:40, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат города Алматы - Заместитель акима Ержан Жалбакович Бабакумаров, 20.12.2020 14:48:21, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Западно-Казахстанской области - Аким области Гали Нажмеденович Искалиев, 20.12.2020 18:17:02, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Карагандинской области - заместитель акима Карагандинской области Алишер Елисулы Абдыкадыров, 20.12.2020 10:42:01, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Костанайской области - Аким Костанайской области Архимед Бегежанович Мухамбетов, 20.12.2020 12:32:37, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Мангистауской области - Заместитель акима области Гульмира Муратовна Калмуратова, 20.12.2020 13:17:17, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Павлодарской области - Заместитель акима Павлодарской области Айзада Амангельдиновна Курманова, 20.12.2020 15:06:47, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Восточно-Казахстанской области - заместитель акима области Алишер Мархабат, 20.12.2020 12:39:41, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима города Нур-Султан - Аким Алтай Сейдирович Кульгинов, 20.12.2020 15:53:17, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима города Шымкент - Первый заместитель акима города Шымкент Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан, 20.12.2020 11:44:15, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Жамбылской области - Заместитель акима области Ержан Жуматулы Жилкибаев, 20.12.2020 12:26:09, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Туркестанской области - Заместитель акима Туркестанской области Сакен Амангельдинович Калкаманов, 20.12.2020 12:17:14, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Северо-Казахстанской области - аким Северо-Казахстанской области Кумар Иргибаевич Аксакалов, 20.12.2020 11:22:45, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Кызылординской области - Аким Кызылординской области Гулшара Наушаевна Абдыкаликова, 20.12.2020 12:50:21, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 21.12.2020 15:25:11, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Білім және ғылым министрлігі -  М. Дауленов, 21.12.2020 18:30:44, положительный результат проверки ЭЦП

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, 21.12.2020 15:33:11, положительный результат проверки ЭЦП