Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 85-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
|
А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
«____»________________2020 жыл
Результаты согласования
Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Директор Департамента Еркинбек Рахимбаевич Амиргалиев, 15.12.2020 16:55:06, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 20.12.2020 11:29:59, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, 20.12.2020 15:55:40, положительный результат проверки ЭЦП