Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
ТЫНЫС АЛУ ОРГАНДАРЫ АУРУЛАРЫНДА 18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін пациент  тұрғылықты жері бойынша жалпы тәжірибе дәрігерінде немесе  бейінді маманның есебінде тұруы керек.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміндегі дәрі-дәрмектер (ТМККК)

  • Бронх демікпесінің кез-келген сатысында және ауырлығында тағайындалады:
  • Монтелукаст, таблетка, оның ішінде шайнауға арналған/түйіршік.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрі-дәрмектер (МӘМС)

  • Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекцияларында тағайындалады:
  • Ибупрофен, таблетка/суспензия.
  • Парацетамол, таблетка/тік ішектік суппозитория/ерітінді немесе ішуге арналған суспензия.
  • Бронхиалды обструкция жағдайында:
  • Салбутамол, ингаляцияға арналған аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді.
  • Бактериялық инфекция қосылған жағдайда тағайындалады:
  • Азитромицин, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ/түйіршік, таблетка/капсула.
  • Амоксициллин, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ, таблетка/капсула.
  • Амоксициллин және клавулан қышқылы, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ, таблетка.
  • Вазомоторлы және аллергиялық ринит жағдайында:
  • Цетиризин, таблетка, ішуге арналған ерітінді.
  • Лоратадин, таблетка, сироп.
  • Беклометон, ингаляцияға арналған дозалы аэрозоль, мұрынға арналған.
  • Синусит/миндалин және аденоид ауруы жағдайында:
  • Амоксициллин және клавулан қышқылы, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ, таблетка.
  • Цефуроксим, ішу үшін суспензия жасауға арналған түйіршік, таблетка.
  • Азитромицин, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ/түйіршік, таблетка/капсула.

 

  • Өкпе қабынуы жағдайында тағайындалады:
  • Амоксициллин, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ, таблетка/капсула.
  • Цефуроксим, ішу үшін суспензия жасауға арналған түйіршік, таблетка.
  • Азитромицин, ішу үшін суспензия жасауға арналған ұнтақ/түйіршік, таблетка/капсула.
  • Ибупрофен, таблетка/суспензия.
  • Парацетамол, таблетка, тік ішектік суппозитория, ішуге арналған ерітінді/суспензия.

Егжей-тегжейлі ақпаратты  1406 Медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығынан алуға болады