Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Жүкті әйелдер мемлекет қаражаты есебінен МӘМС жүйесінде жеңілдік жасалған 15 санатқа кіреді. Олар бірден екі пакетте: ТМККК және МӘМС жүйесі бойынша тегін медициналық көмек алады. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу және тұқым қуалайтын патологиясы бар бала туатынын  болжау үшін генетик-дәрігердің кеңесі ерекше маңызды.

 

МӘМС пакетінде қандай генетикалық анализдерді тегін алуға болады?

  • Жүктіліктің бірінші триместріндегі пренатальды скрининг;
  • Жүктілікке байланысты плацентарлы ақуызды (ПАПП-A) және хорионикалық гонадотропиннің (β-ХГЧ) β-бірлігін анықтауға арналған қосарланған тест;
  • 2-ші триместрдегі перинаталды скрининг;
  • Альфа-фетопротеинді (AФП) және хорионикалық гонадотропиннің (β-ХГЧ) β-бірлігін анықтауға арналған қосарланған тест;
  • Туа біткен гипотиреоз немесе фенилкетонурияға нәрестелік қан скринингі;
  • Реттелмеген эстриолды анықтау;
  • Мутогендік әсерлердің биологиялық көрсеткіші (хромосомалық аберрация);
  • ДНҚ-зондтарды қолдану арқылы биологиялық материалды, амниотикалық сұйықтықтың культивацияланбаған жасушаларын, цитологиялық препараттарды, гистологиялық бөлімдерді молекулярлық-цитогенетикалық зерттеу (ФИШ әдісі);
  • Шеткері қан жасушаларын (кариотип), амниотикалық сұйықтықты, сүйек кемігін, кіндік қанды, хориондық ворсин/ плацентаны цитогенетикалық зерттеу;
  • Ұрықтың тамырларының ультрадыбыстық диагностикасы;
  • Жүктіліктің 1-ші, 2-ші және 3-ші триместріндегі акушерлік ультрадыбыстық зерттеу, оның ішінде 3-4 D режимінде;
  • Трансабдоминальды кордоцентез/плацентентез, УДЗ бақылауымен хориондық ворсиннің аспирациясы;
  • Кейінге қалдырылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу;
  • Венадан қан алу.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне хабарласуға болады.