18 жасқа толмаған балаларға стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Жасөспірімдер үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна төлейді, яғни олар жеңілдік жасалған 15 санатқа кіреді.
Мектеп медицинасына кіретін стоматологиялық көмек түрлері:
Балалардың ауыз қуысын алдын ала тексеру
Тіс пен ауыз қуысының шырышты қабаттарын күту жөніндегі санитарлық-гигиеналық дағдыларға оқыту
Уақытша тісті тегістеу
1 тісте фиссурді герметикамен жабу
Уақытша тісті бөлу
Реминерализациялық дәрілер қолдану
1 тіске фторлы цемент қолдану сеансы
Қосымша ақпарат алу үшін Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне хабарласуға болады.