Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ: КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК АЛАДЫ?

Жастардың денсаулық орталықтары жасөспірімдер мен жастардың ерекшеліктерін ескере отырып құрылды, сондықтан олар әр жас адамға медициналық және психоәлеуметтік көмек көрсетуге дайын. ЖДО қалалық бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары, қалалық және орталық аудандық ауруханалар базасында орналасқан.

Осы жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында бұл орталықтардан төмендегі көмектерді ала аласыз:

БЕЙІНДІ МАМАНДАРДЫҢ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КӨМЕГІ

  • акушер-гинеколог;
  • психолог;
  • уролог-андролог;
  • психотерапевт;
  • психиатр;
  • дерматовенеролог;
  • әлеуметтік қызметкер;
  • фельдшердің көмегі.

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

  • Құрсақ қуысы мен құрсақ аржағындағы кеңістікті (бауыр, өт көпіршігі, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек) кешенді ультрадыбыстық зерттеу.
  • Қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу, простата безін, сүт бездерін, жамбас мүшелерін транскректальды зерттеу.
  • Акушерлік ультрадыбыстық зерттеу - жүктіліктің 1-ші триместрінде.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

  • Қанның жалпы анализі (ЭШЖ, гемоглобинді анықтау).
  • Зәрдің жалпы анализі (лейкоциттер, эритроциттер, бактериялар).
  • Жүктілік тесті - ХГЧ.
  • Инфекцияларға арналған анализдер - цитомегаловирус, герпес, токсоплазмоз, хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, кандидоз, гарнереллез.
  • Гормондарға анализ - лютеинизаторлық гормон (ЛГ), фолликулды қоздыратын гормон (ФҚГ), жалпы трийодиотиронин (T3), тиреотропты гормон (ТТГ), тестостерон, прогестерон, пролактин, эстрадиол, кортизол, тиреотропты гормон рецепторларына, тиреоглобулинге (АТ к ТГ), тиропероксидазаға (а-ТПО) антиденелерді анықтау.

МАНИПУЛЯЦИЯЛАР МЕН ПРОЦЕДУРАЛАР

  • Аутотренинг;
  • Психотерапия;
  • Психологиялық диагностика және психокоррекциялық жұмыс;
  • Гипноз сессиясы;
  • Гештальт терапиясы;
  • Нейролингвистикалық бағдарламалау;
  • Холотропты тыныс.

ЖДО мекен-жайларын ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау  орталығының веб-сайтынан табуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне хабарласуға болады.