Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
ӨҢІРДЕН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған барлық азаматқа бейінді маманның жоспарлы кеңесі мен  тиісті көрсеткіштер болған жағдайда республикалық медициналық орталықтардағы диагностикалық тексерулер қол жетімді.

ЖОЛДАМА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БЕРІЛЕДІ?

Жолдаманы пациент тіркелген медициналық ұйымның жанынан құрылған арнайы аймақтық комиссия береді. Жолдаманы беру немесе көрсеткіштер болмаған жағдайда, бермеу туралы шешім 2 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Сирек кездесетін, орфандық аурулардың диагнозын және күрделі немесе нақты анықталмаған жағдайларды диагностикалау қажет болса.

Басқару тактикасын, емделуін, сондай-ақ мүгедектікке сараптамалық баға беруде даулы жағдайларды шешу қажет болса.

Шетелде емделуге жолдама беру үшін көрсеткіштер барын анықтау қажет болса.

Халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін жағдайы ауыр пациенттің сырқатын немесе жиі қайталанатын ауру мен декомпенсация жағдайында науқастарды емдеу тактикасын анықтау қажет болса.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейіндегі емдік шаралар тиімсіз болған жағдайда диагностикалау және емдеу үшін.

 

ЖОЛДАМА АЛУДЫҢ ҚАДАМДЫҚ АЛГОРИТМІ:

Консультациядан кейін бейінді маман консультацияға жібергелі отырған пациентті зерттеудің және емдеудің нәтижелері көрсететін 035-2/у нысанымен медициналық қорытындыны жалпы практика дәрігері/терапевт дәрігер немесе маманға жібереді және пациентті әрі қарай емдеу бойынша өз ұсыныстарын береді.

Қорытындыны алғаннан кейін жалпы практика дәрігері немесе салалық маман пациентті әрі қарай динамикалық бақылауда ұстайды.

Әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары болған кезде науқасқа қажетті көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

Тексерудің тізбесі, көлемі, жиілігі, зертханалық және аспаптық зерттеулер, бақылау мерзімдері, тіркеуден шығару критерийлері бекітілген аурулар тізімімен анықталады.

Көрсеткіштер болса, бейінді маман уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама береді немесе созады, ал еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда,  әлеуметтік сараптамаға жолдама беру үшін емдеуші дәрігерге ұсыныс жазады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне хабарласуға болады.