1 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап бейінді мамандардың ақысыз кеңесі және кеңейтілген диагностикалық қызметтер тек үш жағдайда қол жетімді болады:
Егер сіз МӘМС жүйесінің қатысушысы болсаңыз, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайынғы жарналарды төлесеңіз және сізде тиісті көрсеткіштер болса.
Егер сізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін әлеуметтік маңызды, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті ауру болса.
Егер сізге шұғыл көмек қажет болса.
Ол үшін тіркелген жердегі жалпы практика дәрігеріне/учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Егер сізде жолдама болса, Медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі саналатын диагностикалық немесе медициналық орталыққа бірден барыңыз.
- Бейінді мамандардан кеңес алу мен диагностика тек учаскелік дәрігер-терапевтің немесе әскери-медициналық бөлімшелердегі дәрігерлердің жолдамасы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Мынадай жағдайда жолдама қажет емес:
Бейінді маман диагнозды растау үшін сізді қосымша зертханалық-аспаптық зерттеуге немесе басқа мамандардан кеңес алуға жіберсе;
Бұл - бейінді маманның қайта қабылдауы;
Сіз медициналық мекемеге кез-келген, соның ішінде офтальмологиялық және оториноларингологиялық түріндегі жарақаттану бойынша, не болмаса, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық немесе дерматовенерологиялық профильдегі көмекке жүгінсеңіз;
Бұл қызметтерді жылжымалы медициналық кешендердің, медициналық пойыздардың немесе жастар денсаулық орталықтарының мамандары көрсетеді;
Сіз акушер-гинекологқа немесе психологқа жүгінсеңіз;
Сіз белгілі бір ауру бойынша бейінді маманда диспансерлік есепте тұрсаңыз және динамикалық бақылауда болсаңыз.
3 Салалық мамандардың қабылдауы мен диагностикалық қызметтерге кезек күтудің ең максималды уақыты:
шұғыл жағдайлар кезінде 2 күннен аспауы тиіс;
жоспарлы түрде 10 күннен аспауы керек;
жоғары технологиялық диагностикалық қызмет көрсету кезінде 30 күннен аспайды;
онкологиялық науқастар үшін 15 күннен аспайды.
Қосымша ақпарат алу үшін Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне хабарласуға болады