Аталған ауруларға медициналық көмек ақысыз және толық көлемде - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) көрсетіледі
- Диффузды улы зоб. Тиреотоксикоз
- Гипотиреоз
Тексерулер кестесі
Орта медициналық қызметкердің тексеруі 6 айда 1 рет
Учаскелік дәрігер/терапевт тексеруі жылына 1 рет
Эндокринолог тексеруі жылына 1 рет
Зерттеу
Жылына 1 рет
Қанның биохимиялық анализі: сарысудағы тиреотроптық гормонды (ТТГ) иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау, сарысудағы еркін трииодтиронинді (ТЗ) иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау, қан сарысуындағы еркін тироксинді (Т4) иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау.
Назар аударыңыз!
Пациент өмір бойы диспансерлік есепте тұрады