Қостанай қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарасу аудандық ауруханасы» КМК
0
СІЗДЕН РЕВМАТОИДТЫҚ АРТРИТ НЕМЕСЕ АНКИЛДЕНДІРЕТІН СПОНДИЛИТ АНЫҚТАҒАН БОЛСА, НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК

Аталған ауруларға медициналық көмек ақысыз және толық көлемде -  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген   көлемінде (ТМККК) көрсетіледі

Тексерулер кестесі

Орта медициналық қызметкердің тексеруі 6 айда 1 рет

Учаскелік дәрігер/терапевт тексеруі  жылына 1 рет  

Ревматолог және офтальмолог тексеруі жылына 1 рет

Зерттеу

6 айда 1 рет

Қанның жалпы анализі

В,С гепатитіне, АИТВ-ке (цитостатика қабылдайтын және генно-инженерлік биологиялық емдеудегі пациенттер үшін) иммуноферменттік анализдер

Қанның биохимиялық анализі: «С» реактивтік ақуызын (СРА), қан креатининін, қандағы глюкозаны (глюкортикостероидтарды қабылдайтын пациенттер үшін), аланинаминотрансферазаны (АЛаТ), аспартатаминотрансферазаны (АСаТ), қан сарысуындағы билирубинді (цитостатика қабылдайтын пациенттер үшін) анықтау

Жылына 1 рет

Эзофагастродуоденоскопия (глюкортикостероидтарды және стероидтық емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттер үшін)

Зақымданған сегменттің рентгенографиясы

Жамбас сүйектерінің  рентгенографиясы (жамбас сүйегінің бас асептикалық некрозын анықтау)

 

 

Назар аударыңыз!

Пациент өмір бойы диспансерлік есепте тұрады